Елімізде 6 мыңнан аса азаматтың жеке басын куәландыратын құжаты жоқ. Бір ғана Түркістан облысында осындай 569 тұрғын бар екен. Ол аздай облыста осы уақытқа дейін КСРО ның қызыл құжатымен жүрген 224 азамат анықталған. Мұндай дәйектер «Мәртебесі реттелмеген және жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұратын адамдарды анықтау» акциясы барысында белгілі болған. Мамандар жеке бас құжатынсыз жүретін азаматтарға 1 ай ішінде құжат жасатпаса арнайы айыппұл да көзделгенін ескертеді.