9 ақпан – сұңғыла саясаткер Бердібек Сапарбаевтың туған күні. Мемлекет және қоғам қайраткері көзі тірі болса бүгін 71 жасқа толар еді. Саналы ғұмырын мемлекет дамуына арнаған тұлға 1999-2002 жылдары бұрынғы ОҚО, яғни қазіргі Түркістан облысын басқарған еді. Бүгінгі туған күніне орай замандастары арда азамат жайлы жылы естеліктерімен бөлісті.