Түркістан
EN

Бағаны тұрақтандыру және инфляцияны төмендету мәселесі қаралды

99
09.02.2024

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бойынша Түркістан үшінші орында. Бүгінде Түркістан облысында 30 әлеуметтік дүкен бар. Онда 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары сатылады. Бағасы нарықтан 20-30 пайыз төмен. Жалпы, тұрақтандыру қорында 4374,4 тонна тауар сақталған екен. Алдағы уақытта мұндай дүкендер саны – 50-ге жетпек. Бұл жайында «Түркістан» ӘКК» АҚ тұрақтандыру қоры департаментінің директоры Лаура Жанасбаева мәлімдеді.