Түркістан
EN

Мәслихат отырысы: 93 елді мекен ауызсусыз отыр

88
09.02.2024

Түркістан облысында 93 елді мекен халқы ауызсусыз отыр. Оның 42-сі биыл орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылады. Қалған 51-іне халық саны аз ауыл болғандықтан, экономикалық тиімсіздікті ескере отырып кешенді блок модуль орнатылады. Десе де, өңірде 215 елді мекен халқы ауызсуды кестемен уақытылы ішуге мәжбүр. Оған себеп - су құбырларының тозығы жетуі. Бұл туралы бүгінгі мәслихаттың сессиясында облыстың тұрғын үй шаруашылығы басшысы мәлімдеді. Жиынға қатысқан депуттар өңірде ауыз сумен қамтылды деген есепке кіретін ауылдардың кейбірі кермек су ішіп отырғанын айтады. Сондықтан алдағы уақытта елді мекендерді таза ауызсумен қамту мәселесін қарастыруды ұсынды. Айта кетейік, облыстың 839 елді-мекенінің 739-ы таза ауызсу ішіп отыр.