Арнамызда алғаш рет ұйымдастырылған реалити-шоу өз мәресіне жетті. Төзім тест жобасында Отырарлық Есентұр Смайлов жеңімпаз атанды. 10 күн бойы қоғамнан оқшауланып, түрлі сынақтардан өткен ол жобада алтыншы күннен бастап жалғыз қалды. Соған қарамастан айрықша ерік-жігердің үлгісін көрсеткен қатысушыға миллион теңге табысталды. Жоба жеңімпазы ең бірінші қалауымен күн көзіне шығарып,отбасымен қауышты. Есентұр мен үшін миллион емес, бостандық қадірін түсіну маңызды болды дейді.