Ислам дінінің Орта Азияда кеңінен таралуына түрткі болған ұстаз Қожа Ахмет Ясауидің туғанына биыл 930 жыл. Осыған орай Түркістан 28 мектепте «Яссауи мұрасындағы құндылық» республикалық ғылыми – практикалық семинары өтті. Шараға қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы, Түркістан қалалық білім бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова сондай-ақ Астана, Алматы қалаларынан мектеп мұғалімдері қатысып әдістемелік көмек көрсетті. Семинар барысында мектепке қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын Қожа Ахмет Ясауидің атын беру туралы ұсыныс айтылды.