Түркістан
EN

Коронавирус: Қазақстанда маска режимі қайта енгізіледі

333
09.02.2024

Маскалық режим қайта енгізіледі. Бұл туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлімдеді. Оның сөзінше, бұған қызылша, коронавирус, тұмау және басқа да респираторлық вирустық аурулардың таралуы сеп болған. Қаулыда әуежай, теміржол, базар және басқа да адам көп шоғырланатын жерлерде маска тағу ұсынылады. Еске салсақ, елімізде қызылшаның таралуына байланысты эпиджағдай нашарлаған болатын. Енді соңғы уақытта коронавирусқа шалдыққандар саны артқан.