Түркістан
EN

Астана әуежайынан ұшатын 7 рейс және ұшып келетін 8 рейс тоқтатылды

83
08.02.2024

Еліміздің бірнеше өңірінде рейстер кешіктіріліп жатыр. Оған негізгі себеп ауа – райының қолайсыздығы. Нақтырақ айтсақ, Астана халықаралық әуежайы қаладағы метеожағдайға байланысты ақпарат таратты. Қазір бас қала әуежайының ұшу айлағында 19 м/с жылдамдықпаен  екпіні 23 м/с дейін қатты жел соғып тұр.  Мұндай ауа райы ұшақтардың әуеге көтеріліп-қонуына қиындық туғызуы мүмкін. Сондықтан әуекомпаниялар қауіпсіздік үшін рейстерді тоқтату мен кешіктіру туралы шешім қабылдаған. Бүгіннің өзінде елорда әуежайында 72 рейс жоспарланған болатын. Оның ұшып кететін 7, ұшып келетін 8 рейс тоқтатылды. Қазіргі таңда әуеайлақты қалың қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде. Ол үшін 23 арнайы техника жұмылдырылған.