Былтыр білім саласының қызметкерлері 7 млрд. теңге жымқырған. Қылмыстың дені есепшінің өз шешімімен мұғалімге, тіпті сол мекемеде істемейтін азаматқа қаражат бөлуінен болған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов айтты. Оның сөзінше, әсіресе, Алматы мен Шымкент қалалары, Қызылорда, Ақтөбе және басқа да облыстарда осындай құйтырқы схемалар анықталған. Жалпы елімізде былтыр 35 іс қозғалыпты.