7 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Салық кодексін әзірлеу барысына көңілі толмайтынын айтты. Президент «Сән-салтанат салығы» қымбат жылжымайтын мүлік объектілерін, көлік құралдарын сатып алу кезінде алынатынын айтты және оның орта тапқа әсер етпеуі керектігін ескертті.