Түркістан облысында 2023 – 2025 жылдары «Жайлы мектеп» жобасы аясында 63 мектептің құрылысы жүргізіледі. Өңірде демографиялық өсім жоғары болуына байланысты оқу орындарының тапшылығы сезілуде. Сондықтан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында ең көп білім ошағы осы аймақта бой көтермек. Жоспарға сәйкес, биыл 29 мектеп қолданысқа берілмек. Олардың 19-ы қыркүйекте оқушыларға есіктерін айқара ашады. Ал тағы 34 мектеп 2025 жылы ел игілігіне тапсырылмақ.