Түркістан
EN

Полиция Түркістанда екі баласын өлтірді деген күдіктіні ұстады

118
08.02.2024

Түркістанда екі баласын өлтірді деген күдіктіні ұсталды. Әйелді іздеуге облыстық полиция департаментінің барлық жеке құрамы, көршілес аймақтар мен мегаполистер бағытталған еді. Барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілді. Жедел уәкілдер күдіктіні Шымкент қаласындағы қонақ үйлердің бірінде құрықтады. Қазір Адам өлтіру фактісі бойынша барлық мән-жайларды анықтау мақсатында тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция Департаментінің бастығы Мұрат Қабденов мәлімдеді.