Сынақтың соңғы сәті де жақын қалды. Төзім тесттің бүгін тоғызыншы күні. Санаулы сағаттан соң жобада қалған жалғыз қатысушы Есентұр бір миллион теңгемен жобаны аяқтауы мүмкін. Десе де қатысушы жүзінен үрей байқалады. Тіпті жобаны мерзімінен бұрын аяқтауым мүмкін деп те айтып қалды. Толығырақ тілші тарқатсын.