Алматыда техногендік сипаттағы лай көшкінін тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Алдын ала ақпарат бойынша қаза тапқан ер адамның денесі табылды. Ал 13 адам эвакуацияланды. Олар түнгі сағат 02:45-те Медеу ауданындағы №47 мектепке орналастырылған. Төтенше жағдай қызметкерлері мектептің спортзалына, 40 адамға төсек орын дайындап, қонып шығуға жағдай жасаған. Тұрғындарға ыстық шай мен тамақ ұйымдастырылып, олар таңға жуық туыстарының үйіне қайтқан. Қазіргі уақытта мектепте төтенше жағдайлар қызметкерлері, жедел жәрдем көліктері мен арнайы құтқару көліктері кезекшілікте. Бүгін мектеп онлайн режимге ауысты.