Ауа-райы күрт суып, ақ боранға ұласты. Салдарынан Алматы-Ташкент-Термез трассасы, Түркістан мен Жамбыл облысы арасында жол көлік қозғалысы шектелді. Шекара маңындағы Шақпақ баба мен Машат елді мекенінен көліктер әрі аса алмайды. Полиция қызметкерлері тұрғындар қауіпсіздігі үшін күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Тәртіп сақшылары облыс тұрғындары мен жүргізушілерін алыс жолға шығудан бас тартуға, жол қозғалысы ережелерін сақтауға және жолда абай болуға шақырады!