Алматы қаласында аты шулы «Айшуақ-Жантүгел» қылмыстық тобының мүшелері ұсталды. Жедел тергеу іс-шараларының нәтижесінде 14 адам құрықталды. Олардан 7 атыс қаруы, 4 граната, 200-ден астам оқ дәрі, есірткі тәркіленді. Топ мүшелері кәсіпкерлерге қамқорлық танытқан кейіп танытып, оларды бопсалап келген. Қылмыскерлер мегаполистің темір жол вокзалдары аумағында, базар саудагерлеріне өз ықпалдарын жүргізген. Оларға қатысты қалалық полиция Департаменті қылмыстық істі тергеуді бастады.