Мұғалімдерді қосымша жұмысқа жеккендерге жауапкершілікті күшейту керек. Бұл жайында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Өткен аптада Семейде оқу процесіне кедергі келтіріп, мұғалімдерді көше сыпыруға жібергені жайлы ақпар тарағаны белгілі. Бұған қатысты министр «2019 жылы желтоқсанда қабылданған заң шеңберінде педагогтарды өзіне тән емес функцияларға тартуға тыйым салынғанын атап өтті.