Түркістан
EN

Түркістанда лото-терминалдар алынып тасталды

128
07.02.2024

Түркістан қаласында енді ойын терминалдары атымен жоқ. Бұрын мұндай сары-жасыл ойын аппараттары азық-түлік дүкендерінде тұратын. Сондықтан болар еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін ол ойынды ермекке айналдырған болатын. Алайда қаншама қаражатты жұтып жатқанмен, лоторея терминалдары салықтан жалтарып кететін. Сондықтан туризм және спорт министрлігінің 2024 жылғы 20 қаңтардағы соңғы ұсынымдарына сәйкес 2024 жылғы 30 қаңтардан бастап республика аумағында "Lotomatic" терминалдары тоқтатылды. Алайда кейбір жерлерде "Lotomatic" "сары-көк" ресми терминалдарына ұқсас безендірілген жалған аппараттар заңсыз жұмыс істеуі мүмкін.