Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7 жылдан бері жөнделіп жатқан Астана-Балқаш-Алматы тас жолын сынға алды. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы аяқталмай жатқан жолдарды биыл тапсыруды міндеттеді. Олардың арасында аймақтарды байланыстыратын бірнеше автокөлік жолы бар. Президент сондай-ақ коммуналдық-энергетикалық саланы жаңғырту қажеттігін де атап өтті.