Медициналық көмек сапасы жақсарды деп айтуға болмайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды қатаң бақылауды тапсырды. Мемлекет басшысы өз сөзінде, ел бюджетінің жартысынан көбі әлеуметтік салаға бөлініп жатқанын айтты. Сала мамандарының, педагогтер мен медицина қызметкерлерінің беделін арттыруға баса мән берілді. Енді көрсетілетін қызметтің сапасын жақсарту керек. Бұл ең алдымен денсаулық сақтау саласына қатысты мәселе, -деді. Бұдан өзге, МӘМС жүйесін қатаң бақылауға алып, қарапайым әрі түсінікті болу керектігін ескертті.