Түркістан мен Қызылорда облыстарында биыл құрғақшылық болуы мүмкін. Соған қарамастан, осы аймақтарда тиісті жұмыс жүргізіліп жатқан жоқ. Президенттің айтуынша ахуалды жақсарту үшін батыл әрекет жасау керек. Сондықтан, суды көп қажет ететін дақылдарды азайтып, құрғақшылыққа төзімді дақылдарды көбейту керек, су үнемдейтін технологияны енгізуді де қолға алған жөн.