Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды. Жаңарған министрлер кабинетіне Мемлекет басшысы алдағы мақсат-міндеттерді жүктейді. Мәселе өте көп. Басымдық әлеуметтік-экономикалық салаға беріледі. Бұл туралы Президент кеше Мәжілістің пленарлық отырысында айтқан еді.