Астанада әйелін шапалақпен бір тартқан ер адам 10 күнге қамауға алынды. Қала тұрғынына қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды. Сот қаулысымен азамат кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды. Айта кетсем, бұған дейін мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова балалар мен әйелдердің құқығын қорғайтын заңға қандай жаңа нормалар енгізілгенін түсіндірген еді. Оның пікірінше, балалар мен әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылық – қоғамға ортақ мәселе.