Сауран ауданынының 3 құрметті азаматы аталған атағынан айырылды. Бірі 2021 жылы бұл атақты алса, екі азамат 2022 жылы алған. Олар құрметті азамат атанғанға дейін сотты болғаны анықталған. Бұл туралы жеке азамат өткен жылдың 22-ші желтоқсанында облыс әкімшілігіне арызданған. Нәтижесінде, 3 азаматтың бұрын істі болғанын облыстық прокуратура анықтаған. Облыстық мәслихаттың 28-ші шешіміне сәйкес, депутаттар бір ауыздан ол азаматтарды ресми атақтарынан айырды.