«Қазақстанды озық елге айналдыру қажет. Бұл жай ұран емес, нақты жоспар». Осылай деген ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәжілістің жалпы отырысына қатысты. Онда Премьер-министрді тағайындап, жаңадан жасақталған Үкіметтің алдында тұрған міндеттерді айқындады. Сондай-ақ халық қалаулыларының жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыруда мемлекеттің мықты тірегі болуға тиіс екенін жеткізді.