Кеше ғана отставкаға кеткен ел үкіметі бүгін қайта жасақталып жатыр. Мемлекет басшысының жарлығымен Мұрат Нұртілеу премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі болып өз қызметін қайта жалғастырады. Ішкі істер министрі болған Ержан Сәденовте жылы орның суытпады. Қаңтар оқиғасынан кейін қорғаныс саласының тізгінін ұстаған Руслан Жақсылықов та өз қызметіне қайта тағайындалды. Дегенмен, президент әкімшілігінің басшысы ауысты. Бұл қызметті бұдан былай Айбек Дәдебаев басқаратын болады. Ал, Ғалымжан Қойшыбаев болса Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы лауазымын атқара бермек. Бұған дейін Әділет министрі болған Айбек Есқараев өз креслосын қайта сақтап қалды. Ал, Қаржы министрлігіне жаңа басшы келді. Бұл орынға Мәди Такиев жайғасты. Денсаулық сақтау министрлігінде де өзгеріс бар. Бұған дейін сенатор болған Ақмарал Әлназарова енді Денсаулық сақтау министрі.