Түркістан
EN

Ауылды қабан жайлады

96
06.02.2024

СҚО ауылдарын ала қабандар жайлады. Шал ақын ауданы Балуан ауылына бір топ қабан кірген сәтті тұрғындар ұялы телефонға түсіріп алып, әлеуметтік желіде бөлісіп жатыр. Жабайы жануарлардың елді мекендерге көптеп кіруін мамандар қалың қардың астынан жемазық табудың қиындығымен байланыстырып отыр. Сондай-ақ қабандарға жақындаудың қажеті жоқ екенін айтуда. Себебі олар жыртқыш аң. Десе де қабан атқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 1,3 млн теңге мөлшерінде айыппұл арқалайды. СҚО-да соңғы есеп бойынша қазіргі уақытта 20 мың елік, 3 мың доңыз бар.