Ақмола облысында балалар отырған шағын автобус жол апатына ұшырады. Адам шығыны бар. Жергілікті ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай «Көкшетау-Атбасар» тас жолының 128 шақырымында болған. Mercedes-Benz Sprinter автокөлігінің 62 жастағы жүргізушісі қар тазалағыш техниканы басып озбақ болған. Алайда рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, Көкшетауға қарай кетіп бара жатқан Nissan Primera көлігіне соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің 20 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал, 15 жолаушы, оның ішінде 7 бала түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде аталған жайтқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.