Түркістан
EN

14 жылқы ұрлағандар ұсталды

92
06.02.2024

Түркістан облысында жылқы ұрлағандар ұсталды. Жедел уәкілдер 3 күдіктіні, яғни Түркістан және Қызылорда облыстарының тұрғындарын құрықтаған. Мал ұрлаушылардың Бәйдібек ауданында орналасқан жайылымнан 14 жылқыны жымқырғаны анықталды. Жалпы шығын 4 млн теңгеден асты. Күдіктілердің бірінің тұрғылықты жерін тінту барысында ұрланған жылқыларды, газель автокөлігін және басқа да заттай дәлелдемелерді тәркілеген. Сондай-ақ олардың Қызылорда облысының аумағында басқа да 2 мал ұрлығына қатысы бар екені белгілі болды. Қазіргі уақытта мал ұрлығы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.