Қаламыз облысқа айналғалы қала халқының саны да артып келеді. Шахарымызда 220 мыңнан аса тұрғын болса, соның 30 пайызының жеке автокөлігі бар. Демек қалған 70 пайыз жұрт діттеген жеріне жету үшін қоғамдық көлікке мінеді. Мінуін мінгенмен, жолақысын төлеуден қашатындар да бар екен. Бұған бір жағы автобустарда кондукторлардың жоқтығы да әсер етсе керек.