Жұмыртқа қымбаттайды. Себебі үкімет келер жылдан бастап оның бағасын еркін айналымға жібермек. Яғни бұған дейін мемлекеттен жұмыртқа өндірісіне беріліп келген субсидия тоқтайды. Соның кесірінен он жұмыртқаның бағасы 700 теңгеге жетуі мүмкін - дейді сарапшылар.