Түркістан облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментіне 157 шағым келіп түскен. Мамандардың айтуынша, қызмет көрсету барысында орын алатын заң бұзушылықтардың басым бөлігі жер қатынастары мен әлеуметтік салаға қатысты болған. Мәселен, қала тұрғыны тұрғын үй кезегіне негізсіз себептермен тұру алмауына байланысты департаментке шағымданған. Арыз негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, жауаптыларға тәртіптік жаза қолданылды.