Түркістанда қазақ-неміс аграрлық университетін ашу мәселесі талқыланды. Қазақстан мен Орталық Азиядағы жалғыз неміс жоғары оқу орны саладағы озық тәжірибе негізінде білім бермек. Сонымен қатар Түркістан облысының тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамуына ықпал ететін зерттеулер мен инновацияларға назар аударатын болады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қазақстан-Неміс университетінің президенті Роммель Волрадпен кездесіп, оқу орнын ашуға қатысты мәселелерді сөз етті.