Түркістан
EN

"Қымыз іштім": Шымкентте мас жүргізуші бағдаршамды құлатып, көлікті соққан

9
05.02.2024

Шымкентте мас жүргізуші бағдаршамды құлатып, көлікті соққан. Тапа-тал түсте болған оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Alphard басқарған мас ер адам бағдаршамды соғып, кейін артымен жүріп, жол үстінде келе жатқан Toyota Camry көлігімен соқтығысқан. Оқиға орнына бірден келген тәртіп сақшылары оның бұған дейін жүргізуші куәлігінен айырылғанын анықтапты. Ал алкоголь тұтынуын тексеру кезінде, құқық бұзушы өз әрекетін «Мен тек қымыз іштім» деген сөздермен ақтауға тырысқан. Қазір тергеу жүріп жатыр. Ол көлік құралын басқару құқығынан айырыла тұрып, масаң күйде тізгіндегені үшін бірнеше жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.