Түркістан музыкалық драма театрында тағы бір спектаклдің премьерасы қойылады. Сахналық қойылым әйгілі ақын Фариза Оңғарсынованың өмірі турасында болмақ. Идея авторы және көркемдік жетекшісі Айнұр Көпбасарова сахналық қойылымның өзге туындылардан айтарлықтай ерекшелігі бар екенін жеткізді. Ал, басты рөлдегі кейіпкерлерді “Дарын” мемлекеттік сыйлығының лауреаты Назгүл Қарабалина, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қуандық Қыстықбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Лейла Бекназар-Ханинга мен Ерлан Кәрібаев сомдайтын болады. Айта кетейік қойылым қазан айының 23-24 күндері өтетін болады.