Бүгін - Ұлттық басылым күні. Аталған дата өткен жылы Үкімет қаулысымен бекітілген болатын. Қазақ баспасөзінің тарихында бұл күннің маңызы бөлек. Себебі 111 жыл бұрын дәл осы күні Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы секілді ұлт зиялыларының ұйытқы болуымен «Қазақ» газеті жарық көрді. Арадан бір ғасыр өткен дәл осы заманда қазақ басылымының ақпарат кеңістігінде алар орны қандай? Бүгінде баспасөз қандай қиыншылықтармен бетпе-бет келіп отыр? Тілшіміз зерттеп көрді.