Майқайыңдағы апаттан қаза болған құтқарушылардың отбасыларының несиесі кешіріледі. Сақтандыру өтемақысын төлеу де қарастырылмақ. Ал кәмелетке толмаған балалары барларға орташа айлық жалақы мөлшерінде сақтандыру өтемақысын белгілеу қарастырылмақ. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Facebook-теri паракшасында жазды. Естеріңізге сала кетейік, 4-ші қаңтарда «МайқайыңАлтын» кен байыту фабрикасына қарасты шахта аумағындағы көлік жолы опырылып кетіп, 4 адам отырған автобус шыңырауға құлаған болатын. Опат болған екі құтқарушының денесі сыртқа шығарылды. Апат болған аумақта қазір шыңырауға құлаған автобус жүргізушісі мен тағы бір құтқарушы іздестіріліп жатыр.