Түркістан
EN

Түркістан облысында қасқыр мен шибөрі малшылардың мазасын қашырып отыр

135
02.02.2024

Түркістан облысында қасқыр мен шибөрі малшылардың мазасын қашырып отыр. Топтасқан жыртқыштар Отырар ауданындағы елді мекендердің жайылымда жүрген төрт түлігіне шапқан. Сырдария өзенінің жағасынан күн сайын малдың өлексесін тауып алып жатырмыз, - деген ауыл тұрғындары жергілікті биліктен көмек сұрап отыр. Малшылар түз тағылары жылқылар мен ірі қараларға ауыз сала бастағанын және оларды өздігінше ата алмай отырғандығын айтады. Себебі олардың жүретін аумағы «Сырдария – Түркістан» ұлттық паркіне қарайды екен. Ал онда оқ атуға болмайды. Қазір ауданда осы жағдайға байланысты арнайы штаб құрылып, жыртқыштарды атуға рұқсат алу мәселесі қарастырыла бастаған.