Түркістан
EN

Түркістан облысында жолда қалған жолаушылар құтқарылды

107
02.02.2024

Түркістан облысында ақтүтек боранда адасып кеткен 156 адам құтқарылды. Оның 17-сі балалар. Жүзден аса көлік қар құрсауынан шығарылды. Тәртіп сақшылары да тәулік бойы жолдарда кезекшілік атқарды. Түлкібас ауданында ауыл тұрғындары мен әкімдік қызметкерлері жолда қалған жолаушыларға тамақ таратты. Ауыр жүк көліктерінің қозғалуына көмек көрсетілді.