Түркістан
EN

Түркістан облысында қатерлі ісік көбейген

100
02.02.2024

Түркістан облысында қатерлі ісікке шалдыққан науқастар саны биыл 6 пайызға өсіпті. Қазір облыстық клиникалық аурухананың онкологиялық орталығында 100 мыңнан астам науқас есепте тұр. Өткен жылы сырқаттың кесірінен 810 азамат көз жұмыпты. Дәрігерлер науқастарды тексеру бойынша жүйелі жұмыстар атқаруда. Дүниежүзілік қатерлі ісіктің алдын-алу күніне орай мамандар 3 ақпан күні Ашық есік күнін өткізбек. Оған аймақтың барлық азаматтары мен қонақтары жолдамасыз, тегін жүгіне алады.