Түркістан
EN

Боранда адасып кеткен 156 адам құтқарылды

51
02.02.2024

Түркістан облысында ақтүтек боранда адасып кеткен 156 адам құтқарылды. Оның 17-сі балалар. Жүзден аса көлік қар құрсауынан шығарылды. Тәртіп сақшылары да тәулік бойы жолдарда кезекшілік атқарды. Ал облыстық және республикалық маңызы бар жолдарда 20 бағыт бойынша қозғалыс шектелген. Қосымша "Шұғыл желі"  іске қосылды. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар департаменті мұндай қолайсыз ауа райы бүгін де сақталатынын ескертеді.