Жедел жәрдем жүргізушісіне жұдырық ала жүгірген жүгенсіз ұсталды. Қарағанды облысының полицейлері ер адамды облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықта орналасқан қыстақтан тапқан. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істі тергеу қатаң бақылауда. Еске сала кетейік, күдікті қызуы көтеріліп, ауырып жатқан балаға келген жедел жәрдем жүргізушісін жол бермедің деп, жұдырық жұмсап, жарақаттаған. Бас прокуратура ақпараты бойынша оған қылмысты жасағаны үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.