Былтыр Солтүстікке 563 отбасы, яғни, 2150 адам көшіп барған. Оның 158-і Түркістан облысынан. Мамандардың сөзінше, алдымен Алматы, одан кейін Түркістан облысының адамдары осында көшіп келуді құп көреді. Қоныс аударғандардың 95 пайызы жаңа жерден жайлы баспана алып тұрақтап қалған. Қалған 5-пайызы ғана жаңа қонысты жерсінбей көштің басын кері бұрса, енді бірі отбасылық жағдайын алға тартады екен. Теріскейліктердің 38 пайызы ғана қазақтар. Қалғаны өзге ұлт өкілдері. Осы өңірдің қазақиландыру және еңбек күшін арттыру үшін біршама жұмыстар қолға алынған.Тақырыпты әріптесім Жандос Тастемір тарқатады.