Түркістан
EN

Елімізде 20 жаңа су қоймасы салынады

103
30.01.2024

Бұдан былай фермерлердің су үнемдеу технологияларын сатып алуға жұмсаған шығынының 80 пайызы субсидияланбақ. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты. Елімізде 312 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесін қолдану жоспарланған болатын. Алайда бұл әдіс қазір небәрі 84 мың гектар жерде қолданылуда. Үкімет басшысының айтуынша, бұған негізінен технологиялардың қымбаттығы кедергі. Сондықтан оларды өзімізде шығаруды қолға алу керек,- дейді премьер-министр.