Түркістанда кәсіпкерлер мен халықтың қолдауымен заманауи үлгідегі жерасты қылует мешіті салынып жатыр. Мұндай мешіт әзірге әлемнің ешбір елінде жоқ. Ғимараттың ерекшелігі — жерден 4,5 метр тереңдікте орналасқан. Орталық жанынан сондай-ақ медресе бой көтеруде. Ғимараттың құрылысымен танысуға Астанадан ҚМДБ Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы келді. Қазіргі таңда мешіттің құрылысы қарқынды түрде жүріп жатыр.