Өткен жылғы статистикаға сүйенсек, Түркістан облысы бойынша бір қызметкердің орташа айлық жалақысы - 242545 теңге болды. Ол 2022 жылмен салыстырғанда 15,3% артқан. Ал, өңірдегі ең жоғары орташа айлық Созақ ауданда белгіленіпті. 418 525 теңге. Оған аймақтағы тау-кен кәсіпорындарының көптігі себеп болуы мүмкін. Бұл туралы ұлттық статистика бюросының түркістан облысы бойынша департаменті хабарлады.