Түркістан облысында Оңтүстік Кореяның жетекші оқу орындарының бірі Woosong университетінің филиалы ашылады. Жаңа оқу орны IT мамандығы бойынша мамандар дайындамақ. Аймақ басшысы Дархан Сатыбалды шетелдік делегациямен келіссөздер жүргізіп, қазақ-корей бірлескен білім ордасын ашудың жай-жапсарын жан-жақты талқылады.