Бокс десе Бекзат елестейтіні сөзсіз. Ал бұл жолы алғаш рет әуесқойлар арасында футбол лигасы Бекзат Саттархановтың атымен аталды. Бекзат Каб ашық лигасынында 26 команда өзара бақ сынады. Сайысқа түркістандық әуесқойлардан өзге, ауыл аймақтың жастары мен шымкенттік аяқ доп шеберлері қатысты. Жарыстың өткізілуіне ұйытқы болған басты демеуші Бекзат мөлтек ауданының тұрғындары. Әуесқой лиганың жүлде қоры да қомақты. Алғашқы орын үшін – 500 мың, екінші орынға 300 мың тағайындалған. Ал үштікке ілінген команда 100 мың теңгені қанжығасына байлайды. Осы ретте, чемпионның анасы 24 жыл өтсе де есімін өшірмеген азаматтарға алғысын білдірді.