Түркістан
EN

15 орама мефедрон табылды

61
29.01.2024

Шымкентте шетелдік есірткі қоюшы қылмыс үстінде ұсталды. Күдіктіден аса ірі мөлшерде «синтетика» тәркіленді. Оны полицейлер Қаратау ауданының аумағында арнайы рейдтік іс-шаралар кезінде ұстады.  Тексеру барысында Өзбекстан азаматынан 15 орама мефедрон табылды. Тәркіленген психостимулятордың салмағы 20 граммға жуық. Ұсталған азаматтың интернеттен «жұмыс» тауып, екі ай бойы қала аумағында есірткі қойып кетумен айналысқаны анықталды. Ал жасырын орындар туралы ол мессенджерде бөлісіп отырған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.