Өткен аптада «Қысқы дода» деп аталатын өңірдегі тұңғыш телевизиялық нұсқадағы жаңа жоба басталды. Бүгін көңілді жобаның екінші кезеңі көрерменге жол тартпақ. Кезекті түсірілім Сауран ауданы Оранғай ауылында өтті. Бұл жолы додада - «Сауран жастары» мен Қожа Ахмет Ясауи университетінің студенттерінен құралған команда сынға түседі. Жалпы әр топ 4 адамнан тұрады. Сайыс сайын топ басшы шешімімен команда мүшелері ауысып отырады. Финалдық кезеңнің жеңімпаздарына арнайы қаржылай сыйлық тағайындалады.